Төлем

Билетті қалай сатып алуға болады?


  • Өзіңізге ұнайтын іс-шараны таңдаңыз;
  • «Билет сатып алу» түймесін басыңыз;
  • Сеансты, орындарды таңдап, билеттерді өзіңізге ыңғайлы төлем әдісімен төлеңіз;

Егер сіз концертке, театрға немесе циркке билет сатып алсаңыз, livetickets.kz платформасында пайдаланушы аккаунтын құру кезінде көрсетілген электрондық поштаға электронды билет аласыз. Сонымен қатар, билеттерді жеке кабинеттен тауып, жүктеп алуға болады. Билетті басып шығару міндетті емес — кіреберісте оны кез келген құрылғыдан электронды түрде көрсете аласыз.

Көрсетілімнен ләззат алыңыз!


Қалай төлеуге болады? Қазіргі уақытта төлемнің келесі түрлері қолжетімді: Visa, MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің карталары; Apple Pay арқылы төлеу; Google Pay арқылы төлеу; Интернет-банкинг;


Ескертпе: Егер билетті рәсімдеу кезінде балалар немесе студенттерге арналған баға көрсетілмесе, билет толық құнымен сатып алынады.


Банк картасы арқылы төлемдер неге өтпейді?


  1. Егер төлем жасау кезінде «Not permitted to client by Issuing bank. Call your bank» қатесі шықса, төлемді жүргізу үшін Интернет желісінде төлем жасауға мүмкіндік беретін опцияны қосу, сондай-ақ, егер картада көрсетілмесе, CVV2/CVC2 кодын алу қажет. Бұл үшін сізге картаны алған банктің қызметкерлеріне хабарласу керек.
  2. Егер «Code: 19, Message: Ошибка авторизации» (Авторизация қатесі) қатесі шықса, сізде интернет-төлемдер үшін қажетті 3D-Secure құпия сөзі орнатылмаған болуы әбден мүмкін. Мұндай құпия сөзді қалай орнату керектігі туралы өз банкіңізбен кеңесіңіз.