Купуялык саясаты

ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

«Livetickets KZ» ЖШС ұсынады

LiveTickets қызметтерін пайдалануды жалғастыра отырып, сіз 18 жасқа толғаныңызды, Құпиялық саясатымен және Cookie файлдарын пайдалану саясатымен танысып, оларды толық түсінгеніңізді растайсыз, сондай-ақ осы саясаттарға сәйкес өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге және пайдалануға келісім бересіз.

Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, LiveTickets қызметтерін тек ата-анаңыздың немесе заңды өкіліңіздің келісімімен пайдалана аласыз. Ата-ана немесе заңды өкіл Құпиялық саясатымен және Cookie файлдарын пайдалану саясатымен танысып, осы құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкес өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім беруі тиіс. livetickets.kz ақылға қонымды шараларды қолдана отырып, осындай келісімнің бар-жоғын тексеруге құқылы. Ата-аналар немесе заңды өкілдер кәмелетке толмағандардың дербес деректерін қорғауға жауапты болады.

«Livetickets KZ» ЖШС жалған ақпарат енгізуден немесе ата-ананың не заңды өкілдің қажетті келісімінсіз берілген ақпараттан туындаған кез келген салдар үшін жауапты болмайды.

«Livetickets KZ» ЖШС livetickets.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинетінде сақталатын дербес деректерді осы Құпиялық саясатында көрсетілген қағидалар мен ережелерге сәйкес өңдейді. «Livetickets KZ» ЖШС пайдаланушылардың дербес деректерін үшінші тұлғаларға жарияламайды.

Сонымен қатар, кейбір жағдайларда «Livetickets KZ» ЖШС іс-шараға қатысушылардың және/немесе іс-шара билеттерін сатып алушылардың дербес деректерін үшінші тұлғаларға бере алады. Мұндай беру белгілі бір іс-шараны өткізу үшін қажетті болғанда және үшінші тұлғаның атынан дербес деректерді жинаудың заңды негіздері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Мұндай жағдайда қатысушылардың және билет сатып алушылардың дербес деректері Қазақстан Республикасының заңнамасына және дербес деректерді қорғау жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып беріледі.

Осындай жағдайларда клиенттерге олардың дербес деректерінің іс-шараны ұйымдастыру және өткізу мақсатында үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін екендігі туралы livetickets.kz сайтындағы іс-шара бетінде алдын ала хабарланады. Белгілі бір іс-шараға билет сатып алу және дербес деректерді енгізу арқылы пайдаланушы осындай деректерді үшінші тұлғаларға беруге және өңдеуге келісім береді.

Мұндай жағдайларда «Livetickets KZ» ЖШС тек дербес деректерді жинауды жүзеге асырады және дербес деректер операторы болып табылмайды. Дербес деректер операторы – өз атынан осындай деректерді жинауды сұратқан үшінші тұлға болып табылады. Сонымен бірге, «Livetickets KZ» ЖШС деректерді өңдеудің Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Саясатқа сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Дербес деректерді өңдеуге қатысты қосымша ақпарат алу үшін пайдаланушылар livetickets.kz сайтында көрсетілген байланыс деректері арқылы «Livetickets KZ» ЖШС-не жүгіне алады.

Басқа жағдайларда «Livetickets KZ» ЖШС дербес деректерді Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңдейді.